Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы қыздар Венгриядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Опубликовано:

былғары қолғап
Фото: Sports.kz

Бокстан Венгрияның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sports.kz.

Финалда үш қазақстандық боксшы өнер көрсетті. Олар: Римма Волосенко (60 келі), Лаура Есенкелді (63 келі) және Валерия Аксенова (+81 келі).

Римма Волосенко Словакия боксшысы Мирослава Единаковамен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда отандық спортшының қарсыласы шаршы алаңға көтерілген жоқ. Осылайша, ол айқассыз турнидің чемпионы атанды.

Лаура Есенкелді Англия өкілі Ханна Робинсонмен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Ал Валерия Аксенова финалда польшалық қарсыласы Агата Качмарскаяға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2009007-qazaqstandyq-bokssy-qyzdar-vengriyadagy-turnirde-eki-altyn-medal-zenip-aldy/

pixel