Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" қырғызстандық клубты ірі есеппен ұтты

Опубликовано:

"Қайрат" ойыншылары
Фото: "Қайрат" футбол клубының ресми сайты

"Қайрат" қырғызстандық клубпен жолдастық кездесу өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі алматылық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматылық ұжым оқу-жаттығу жиыны аясында бішкектік "Дордой" командасымен кездесті. Тартысты өткен матчта "Қайрат" 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Алматылық клуб сапынан Швырёв, Шушеначев (дубль), Пауло мергендігімен көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қайрат" футбол клубының ағымдағы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік. Олардың қатарында "Дордойдон" бөлек ташкенттік "Пахтакор" және қазақстандық "Елімай", "Жас Қыран" клубтары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009022-qairat-qyrgyzstandyq-klubty-iri-eseppen-utty/

pixel