Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Элина Михина Астанадағы Азия чемпионатында топ жарды

Опубликовано:

Спортшы
Элина Михина. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Элина Михина ел қоржынына алтын медаль салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті.

Айта кетейік, бұл Азия біріншілігіндегі Қазақстан қоржынына түскен екінші алтын медаль. Бұған дейін Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде чемпион атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009033-elina-mixina-astanadagy-aziya-cempionatynda-zenimpaz-atandy/

pixel