Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Азия чемпионатында ел қоржынына тағы екі медаль түсті

Опубликовано:

Михаил Литвин
Михаил Литвин. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында ел қоржынына тағы екі медаль түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

18 жастағы отандасымыз Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды. Қазақстандық атлет бұл қашықтықты 01.06.04 секундта жүгіріп өтті.

Сонымен қатар ерлер арасында 400 метрге жүгіруде сынға түскен қазақстандық Михаил Литвин турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып кетті. Қола медаль қытайлық спортшыға бұйырды.

Бұл қашықтықтағы тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009035-astanadagy-aziya-cempionatynda-el-qorzynyna-tagy-eki-medal-tusti/

pixel