Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 38 жасында үлкен спортпен қош айтысты

Опубликовано:

Ольга Рыпакова Қазақстан туымен құрмет шеңберінде
Ольга Рыпакова. Фото: Жеңіл атлетика федерациясы

Үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мансабын ресми аяқтады. Ол бұл туралы жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия чемпионатында хабарлады.

"Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін маған деген сенімі үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын", - деді спортшы.

Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін Премьер-министр спортшыға алхыс хат жолдады.

"Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз", - деді Әлихан Смайылов.

Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері және жабық кешендегі әлем чемпионатының жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009098-olimpiada-cempiony-olga-rypakova-38-zasynda-ulken-sportpen-qos-aitysty/

pixel