Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бельгиялық футболшы матч кезінде қайтыс болды

Опубликовано:

Футбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Бельгияның "Винкель-Спорт" клубының қақпашысы Арне Эспил матч кезінде қайтыс болды, деп жазады Nieuwsblad.

Қақпашы Бельгия әуесқой лигасының кезекті ойыны кезінде өзін жайсыз сезінген. Содан кейін Арне Эспилге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда футболшы ауруханаға бара жатқанда көз жұмған.

"Бұл жағдай барлығымызды елең еткізді. Арне өмірін клубқа арнады. Оны бәрі жақсы көретін. Өте жанашыр жігіт еді. Бұл біз үшін және оның жақындары мен туыстары үшін ауыр соққы. Орны толмас қаза", - деді клубтың спорт менеджері Патрик Ротсарт.

Еске сала кетейік, бұған дейін испаниялық велошабандоз Эстела Домингестің жол апатынан қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009174-belgiyalyq-futbolsy-matc-kezinde-qaitys-boldy/

pixel