Әбу-Даби турнирінің ширек финалында сүрінген Рыбакинаның рейтингтегі орны белгілі болды

Опубликовано:

Рыбакина
Елена Рыбакина кортта. Фото: Glyn Kirk/AFP via Getty Images

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингті жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілішсі.

Рейтингті Аустралия ашық біріншілігінде Елена Рыбакинаға есе жіберген польшалық Ига Швентек бастап тұр.

Екінші сатыда Australian Open-2023 турнирінің жеңімпазы - Арина Соболенко.

Үздік үштікті өткен жылы "Уимблдон" турнирінде Рыбакинаға есе жібрген тунистік Онс Жабер қорытындылады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңартылған рейтингте оныншы орнын сақтап қалды.

Ал Юлия Путинцева 45-тен 43-ке көтерілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елена Рыбакина Abu-Dabi Open турнирінде бақ сынап, ширек финалда бразилиялық Беатрис Аддад-Майядан үш сет қорытындысы бойынша ұтылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2009189-abu-dabi-turnirinin-sirek-finalynda-suringen-rybakinanyn-reitingtegi-orny-belgili-boldy/