Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында екі медаль жеңіп алды

Опубликовано:

Бокс
Фото: Қазақстанның дзюдо федерациясы

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы Болгария астанасы Софияда өткен Еуропа кубогында екі медаль жеңіп алды. Ғұмар Қырғызбаев финалға шығып, күміс жүлдегер атанса, Руслан Мұсаев қоланы қанағат тұтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

Ғұмар Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Ол финалға дейін Болгария, Германия, Ұлыбритания және Италия спортшыларынан басым түсті.

Отандық дзюдошы финалда украиналық Микита Холобородкомен белдесіп, қарсыласына қосымша уақытта (голден скорда) есе жіберді.

Осылайша, Ғұмар Қырғызбаев Еуропа кубогынының күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Руслан Мұсаев қола жүлде үшін күресте молдавалық Никон Заборощукті жеңді.

Айта кетейік, ерлер арасындағы Еуропа кубогы 11-12 ақпан күндері Болгарияның София қаласында өтті. Байрақты бәсекеге барлығы 43 елден 400-ге жуық татами шебері қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2009211-qazaqstandyq-dzyudosylar-europa-kubogynda-eki-medal-zenip-aldy/

pixel