Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ювентус" сапында доп тепкен футболшы "Ақтөбе" ойыншысы атанды

Опубликовано:

Андрия Филипович
Андрия Филипович. Фото: "Ақтөбе" футбол клубының ресми сайты

Туриндік "Ювентус" клубының бұрынғы ойыншысы Андрия Филипович "Ақтөбе" қатарын толықтырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе" футбол клубы 25 жастағы хорват шабуылшысы Андрия Филиповичпен келісім-шартқа отырды.

Риека қаласының тумасы өз отанындағы "Цриквеница", "Риека" және словениялық "Мура" мен "Горица" клубтарында доп тепкен. Ол 2015 жылы Италияға қоныс аударып, туриндік "Ювентус", сондай-ақ "Специя", "Сиена" сапында бағын сынады.

Кейіннен Албанияның “Партизани” клубына ауысады. Соңғы маусымды "Атырауда" өткізіп, 15 гол соқты және 4 нәтижелі пастың авторы атанды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009213-yuventus-sapynda-dop-tepken-futbolsy-aqtobe-oiynsysy-atandy/

pixel