Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қатарынан он матчта жеңілді

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Нидерландтың Роттердам қаласындағы ATP 500 турнирінің алғашқы айналымында сүрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық спортшы алғашқы кезеңде "Үлкен дулыға" турнирінің үш дүркін жеңімпазы швейцариялық Стэн Вавринкамен (әлемдік рейтингте 130-орында тұр) шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында 7:6, 6:4. есебімен Александр Бублик тәжірбиелі қарсыласына жол берді.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы түрлі жарыста қатарынан оныншы рет ұтылып отыр. 2023 жылы Александр Бублик жеңіске жетпеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009317-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-aleksandr-bublik-qatarynan-on-matcta-zenildi/

pixel