Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен жылы қазақстандық клубты жаттықтырған бапкер 51 жасында өмірден өтті

Опубликовано:

Олег Беженарь
Олег Беженарь. Фото: "Ақжайық" футбол клубының баспасөз қызметі

"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы бас бапкері Олег Беженарь өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен жылы "Ақжайық" футбол клубының бас бапкері болған Олег Беженарь өмірден өтті.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, 51 жастағы жаттықтырушы жүрек талмасынан көз жұмған.

"Ақжайық" клубының басшылығы, бапкерлік құрамы мен ойыншылары өмірден өткен Олег Беженарьдың отбасы мен тума-туысының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Олег Беженарь 1971 жылы 17 қыркүйекте Украинаның Киев қаласында өмірге келген. Ол "Металлург", "Динамо", "Насаф", "Селенга" секілді клубтарда доп тепкен.

Мансабын аяқтаған соң Олег Беженарь бапкерлік қызметке ауысып, "Академия", "Зимбру", "Дачия", "Динамо-Авто" және армениялық "Ноа" секілді клубтарды жаттықтырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009329-otken-zyly-qazaqstandyq-klubty-zattyqtyrgan-bapker-51-zasynda-omirden-otti/

pixel