Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлтымды сұрай береді": Абиба Әбужақынова барлық сұраққа неліктен тек қазақша жауап беретінін ашып айтты

Опубликовано:

Абиба Әбужақынова татамиде
Абиба Әбужақынова. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының үздігі, әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова өзінің тек қазақ тілінде сұхбат беруінің себебін түсіндірді. Бұл туралы ол Ұлттық арнадағы "Таңшолпан" бағдарламасында айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір көпшілігі мені споршы емес, қазақша интервью беретін қыз ретінде таниды. Көпшілік жанкүйерлер де менімен суретке түсіп: "Сіз қазақша сұхбат беретін қыз емессіз бе?", - дейді. Қазақстанда тұрып, қазақша сөйлегенге таң қалып жатыр... Шыны керек, спортшылардың көпшілігі интервью кезінде орысша сөйлейді. Ал мен тек қазақша сөйлеймін. Себебі менен ұлтымды жиі сұрайды. Мен - қазақпын. Қазақ болған соң, қазақша сөйлеймін. Орысша сұхбат бермеймін", - деді Абиба.

Айта кетелік, Абиба Әбужақынова әлем чемпионатынан жүлде алған алғашқы қазақстандық дзюдошы қыз. Ол 2022 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде қола жүлде жеңіп алды.

Сондай-ақ Абиба әлемдік Grand Slam турнирінде үш рет жүлдегер атанып, Азия чемпионаты мен Гран-при турнирлерінде үздіктер қатарына еніп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2009340-ultymdy-surai-beredi-abiba-abuzaqynova-barlyq-suraqqa-nelikten-tek-qazaqsa-zauap-beretinin-asyp-aitty/

pixel