Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ПСЖ" – "Бавария": Месси мен Мбаппенің оралуы француздарды құтқара ала ма

Опубликовано:

ПСЖ - Бавария
Фото: Parimatch

Чемпиондар лигасының көптен күткен плей-офф кезеңі 15 ақпанда "ПСЖ" мен "Бавария Мюнхеннің" тартысты матчымен басталады. Неміс гранды топтық кезеңде мінсіз ойын көрсетті және өзін сенімді сезінеді, бірақ француздарды есептен шығаруға әлі ерте. Өйткені алаңға Месси мен Мбаппе қайтып келеді.

Алдағы матч "ПСЖ" және "Бавария" арасындағы жеке кездесуілерінің 12-шісі болмақ. Алдыңғы 11-і де Чемпиондар Лигасы аясында өткен еді. Қорытынды нәтиже: француздар 6 кездесуде жеңіске жетті, немістер 5 кездесуде жеңіп, біреуі тең есеппен аяқталған еді.

Айта кетсек, "Бавариямен" 10 немесе одан да көп рет кездескен барлық командалардың ішінде "ПСЖ" жеңістердің ең жоғары пайызына ие — 55%. Сонымен қатар, 2021 жылғы чемпионаттағы қарсыластардың соңғы жекпе-жегі бавариялықтардың ширек финалдан шығып кетуімен аяқталды.

Бірақ бұл бар болғаны жеке кездесулердің статистикасы. Биылғы маусымға келетін болсақ, "Бавария" барлық жарыста 19 матчта жеңіліс көрмей, әсерлі ойын көрсетуде. Сонымен қатар, соңғы үш кездесудің әрқайсында неміс спортшылары кемінде 3 голдан соққан болатын.

"ПСЖ" ойынға қатарынан екі жеңіліспен келеді. Алайда, париждіктердің де айтарлықтай жетістіктері бар. Олар өз алаңындағы соңғы 40 матчтың ешқайсысында жеңіліп көрмеді. "Бавариямен" алғашқы ойын "Park DE Prens"-те және шабуыл шебінің жұлдыздары Месси мен Мбаппенің оралуы туралы хабарландыру барын ескерсек, француздардың жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.

Сарапшылардың пікірінше, "Баварияға" қарай аз ғана артықшылықпен, командалардың дайындығы шамамен тең болады. Париждіктер өздерінің ойын алаңында жеңілмейтініне сендіруде, бірақ жарақат алғандардың қандай жағдайда оралатыны әлі белгісіз. Мбаппеге үлкен үміт артылады. "Алтын бутсаның" жаңа иегері ағымдағы маусымда өткізген 26 матчта "ПСЖ" үшін 25 гол соқты және жетістіктер мұнымен тоқтап қалмасы анық.

Parimatch матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады:

"ПСЖ" - 2.70, тең ойын - 3.80, "Бавария Мюнхен" - 2.50

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009345-psz-bavariya-messi-men-mbappenin-oraluy-francuzdardy-qutqara-ala-ma/

pixel