Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

UFC рейтингі: Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов нешінші орында

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов, файтер
Шавкат Рахмонов. Фото: instagram/shavkatrakhmonov94

АҚШ-тағы UFC лигасында сынға түсетін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жаңартылған рейтингтегі орны белгілі болды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жартылай орта дивизионда Рахмонов оныншы орынды сақтап қалды.

Бұл салмақ дәрежесінде америкалық Камару Усман бірінші орында тұр. Екінші сатыға тағы бір америкалық спортшы Колби Ковингтон жайғасқан. Үздік үштікті ресейлік Хамзат Чимаев тұйықтап тұр.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де жалпы есебі төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Қазақстандық спортшының келесі кездесуі 4 наурызға жоспарланған. Ол америкалық Джефф Нилге қарсы шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2009383-ufc-reitingi-qazaqstandyq-faiter-savkat-raxmonov-nesinsi-orynda/

pixel