Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы ресейлік қорғаушымен келісімшартты бұзды

Опубликовано:

"Барыс"
Григорьев мұз айдынында. Фото: "Барыс" хоккей клубынығ ресми сайты

"Барыс" хоккей клубы ресейлік қорғаушы Михаил Григорьевпен келісімшарттың бұзылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ астаналық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Барыс" Михаил Григорьевпен ынтымақтастықты тоқтатқаны туралы ресми түрде хабарлайды. Клубтың бастамасымен қорғаушымен келісімшарт бұзылды. Құрлықтық хоккей лигасының ағымдағы маусымында Григорьев 43 матч өткізіп, үш нәтижелі пастың авторы атанды", - делінген команданың хабарламасында.

Григорьев "Авангард", "Спартак", "Динамо", "Металлург" секілді клубтарда өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін минсктік "Динамо" командасына қарсы өткізеді. Матч 15 ақпан күні Астана қаласында болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2009400-barys-xokkei-kluby-reseilik-qorgausymen-kelisimsartty-buzdy/

pixel