Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияның бұрынғы футболшысы "Валенсия" клубының бас бапкері атанды

Опубликовано:

алаң
Фото: pexels.com

Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Рубен Бараха "Валенсия" клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

47 жастағы маман "Валенсия" клубымен қанша уақытқа келісімшартқа отырғаны белгісіз.

Белгілі болғандай, Рубен Бараха клубтың бас бапкері қызметінен қаңтар айында кеткен Дженнаро Гаттузоның орнына келді.

Айта кетейік, Рубен Бараха "Валенсия" сапында ұзақ жылдар бойы өнер көрсеткен. Сонымен қатар ол Испания құрамасында доп тепті.

Футболдағы мансабын аяқтаған соң ол Эльче", "Райо Вальекано", "Спортинг", "Тенерифа", "Сарагоса" секілді клубтарда жаттықтырушы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009411-ispaniyanyn-buryngy-futbolsysy-valensiya-klubynyn-bas-bapkeri-atandy/

pixel