Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның соққысын тексеріп көрді (видео)

Опубликовано:

Дина Жоламан
Дина Жоламан. Фото: Indraneel Chowdhury/NurPhoto via Getty Images

Степногорскідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның соққысын тексеріп көрді. Аталған видеоны Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасы жариялады.

Спортшылармен суретке түсу барысында Тоқаев боксшы Дина Жоламанға алақанын тосып, соққы жасауын өтінген. Өз кезегінде боксшы қыз президентке бір соққы жасап үлгерді. Аталған сәт видеоға түсіп қалған.

Дина Жоламан - бокстан 2016 жылғы әлем чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның он дүркін чемпионы. Қазақстан әйелдер құрамасындағы көшбасшылардың бірі.

Айта кетелік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында Степногорск қаласындағы спорт мектебін аралап, жас спортшылармен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2009438-toqaev-bokstan-alem-cempiony-dina-zolamannyn-soqqysyn-tekserip-kordi-video/

pixel