Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Чемпиондар лигасының қандай матчтары өтеді

Опубликовано:

Тиагьо Силва
Фото: Twitter/Chelsea FC

Бүгін, 15 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/8 финалының бірнеше матчы болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дортмундтық "Боруссия" өз алаңында лондондық "Челси" клубын қабылдайды. Матч Астана уақытымен түнгі 01.50-де басталады деп күтілуде.

Сонымен қатар дәл осы уақытта "Брюге" мен "Бенфика" арасындағы матч жоспарланған.

Қазақстандықтар аталған кездесулерді Qazsport және Qazaqstan арналарынан тікелей эфирде көре алады.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне 16 команда шықты. Олар: "Бенфика" (Португалия), "Порту" (Португалия), "Наполи" (Италия), "Бавария" (Германия), "Челси (Англия), "Манчестер Сити" (Англия), "Тоттенхэм" (Англия), "Реал Мадрид" (Испания), "Ливерпуль" (Англия), "ПСЖ" (Франция), "Милан" (Италия), "Интер" (Италия), "Боруссия" Дортмунд (Германия), "Айнтрахт" Франкфурт (Германия), "РБ Лейпциг" (Германия), "Брюгге" (Бельгия).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009508-bugin-cempiondar-ligasynyn-qandai-matctary-otedi/

pixel