Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші Азия рейтингісінде көш бастап тұр

Опубликовано:

теннис
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Еуропа рейтингісінде 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға жайғасты. Ал Михаил Мищенко, Роберт Каминский 139-сатыда тұр.

Қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан - 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді.

Азия рейтингісінде 16 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Кәрім Темірлан бұрынғыша көш бастауда.

Қыздар арасында бес қазақстандық үздік ондыққа кірді.

Сафина Сафиулина - 2, Ариана Гогулина - 4, Даная Аманғажиева - 7, Полина Слепцова - 8 және Еркежан Жаңатаева 9-сатыда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009558-qazaqstandyq-zasospirim-tennissi-aziya-reitingisinde-kos-bastap-tur/

pixel