Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азия балалары" қысқы спорт ойындарының қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

хоккей
Көрнекі фото: pexels.com

23 ақпан мен 5 наурыз аралығында Ресей Федерациясының Кузбасс (Кемеровская) облысында "Азия балалары" қысқы спорт ойындары өтеді. Халықаралық бәсекеге Азиямен қатар Еуропаның бірқатар елінен 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Ойындардың ресми ашылуы 25-ақпанда "Кузбасс" мұз сарайында өтеді.

Жабылу салтанаты 4 наурызға жоспарланған. Байрақты бәсекеде мыңға жуық жас спортшы 10 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Айта кетейік, алғашқы "Азия балалары" қысқы спорт ойындары 2019 жылғы 8-16 ақпан аралығында Сахалин облысында өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009570-aziya-balalary-qysqy-sport-oiyndarynyn-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel