Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Бразилия құрамасының уақытша бас бапкері тағайындалды

Опубликовано:

Бразилия құрамасы
Бразилия құрамасы. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Рамон Менезес футболдан Бразилия құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Бразилия футбол конфедерациясының (CBF) баспасөз қызметі растады.

Бұған дейін Рамон Менезес жастар құрамасының бас бапкері болған.

Оның жетекшілігімен Бразилия құрамасы Марокко құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізбек. Матч 25 наурызда Танжер қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалында Бразилия құрамасы Хорватияға матч соңындағы пенальтиде есе жіберді. Осыдан кейін команданың бас бапкері Тити қызметінен босатылған. Ол Бразилия құрамасын 2016 жылдан жаттықтырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009577-futboldan-braziliya-quramasynyn-uaqytsa-bas-bapkeri-tagaiyndaldy/

pixel