Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Челси" әлемдегі ең қымбат ойыншысы бар клубтан жеңіліп қалды

Опубликовано:

"Челси" футбол клубы
"Челси" футбол клубының ойыншылары. Фото: Twitter/Chelsea FC

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчтары өтуде. Дортмундтық "Боруссия" өз алаңында лондондық "Челсиді" қабылдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сигнал Идуна Парк" стадионында өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды дортмундық "Боруссияның" жас ойыншысы Карим Адейеми соқты.

Осылайша, "Челси" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңін жеңіліспен бастады. Жауапты матч 7 наурыз күні Лондонда өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін CIES Football Observatory әлемдегі қымбат футболшылардың тізімін жариялаған еді. Көш басында Англия құрамасы мен дортмундтық "Боруссияның" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем тұр. Футболшының нарықтағы бағасы 208,2 миллион еуроны құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009589-cempiondar-ligasy-celsi-alemdegi-en-qymbat-oiynsysy-bar-klubtan-zenilip-qaldy/

pixel