Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" лондондық "Арсеналдан" басым түсіп, турнирлік кестеде көш бастады

Опубликовано:

Эрлинг Холанд
Эрлинг Холандтың гол соққан сәті. Фото: Twitter/Manchester City

Футболдан Англия біріншілігінің кейінгі қалдырылған матчында "Арсенал" мен "Манчестер Сити" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Эмирейтс" стадионында өткен ойында "Арсенал" Хосеп Гвардиоланың шәкірттеріне жол берді. Есеп 1:3.

"Арсенал" сапынан Букайо Сака мергендігімен көзге түссе, "Манчестер Ситиден" Кевин де Брюне, Джек Грилиш, Эрлинг Холанд гол соқты.

Осы жеңістен соң "қалалықтар" турнирлік кестеде қосымша көрсеткіштердің арқасында көш бастады.

Қазіргі уақытта "Манчестер Сити" мен "Арсеналда" 51 ұпайдан бар. Алайда Микел Артетаның шәкірттерінің бір матчы кем.

Үздік үштікті "Манчестер Юнайтед" қорытындылап тұр (46 ұпай).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009592-mancester-siti-londondyq-arsenaldan-basym-tusip-turnirlik-kestede-kos-bastady/

pixel