Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" қарсыласын ойсырата ұтты

Опубликовано:

Real Madrid C.F
"Реал Мадрид" ойыншылары матч алдында. Фото: Twitter/Real Madrid C.F

Футболдан Испания біріншілігінің 21-турының соңғы матчы "Реал Мадрид" пен "Эльче" арасында өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен ойынның 8-минутында есеп ашылды. Гол авторы: Марко Асенсио.

31-минутта "Реал Мадрид" капитаны Карим Бензема он бір метрлік айып добынан кездесудегі екінші голды соқты.

Алғашқы таймның аяқталуына санаулы секунд қалғанда өткен жылғы "Алтын доп" иегері есепті еселеді. Бұл - франциялық сұрмергеннің ағымдағы маусымдағы он бірінші голы.

Ойынның нүктесін Лука Модрич қойды. Хорватия құрамасының капитаны 80-минутта мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, Карло Анчелоттидің шәкірттері "Эльчені" ірі есеппен ұтып, кезекті үш ұпайына қол жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта турнирлік кестеде "Барселона" көш бастап тұр. Каталониялық клубтың еншісінде 56 ұпай бар. Ал "Реал Мадридте" 48 ұпай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009593-real-madrid-qarsylasyn-oisyrata-utty/

pixel