Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионы атанған спортшы қайтыс болды

Опубликовано:

еске алу
Көрнекі фото: pexels.com

Сырықпен секіруден әлем чемпионы Тим Лобингер 50 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Неміс спортшысы бейсенбі, 16 ақпан күні қатерлі ісіктен көз жұмды.

"Тим Лобингер 16 ақпанда Мюнхенде 50 жасында ауыр дерттен қайтыс болды. Ол жекпе-жек кезінде жеңіліп қалған жоқ, өзінің деңгейінде ұтты", - деді марқұмның жақындары.

Айта кетейік, Лобингер жабық кешенде сырықпен секіруден Еуропа және Әлем чемпионы атанған. Ол 2012 жылы кәсіби мансабын аяқтап, Беларусь футболшысы Александр Глебтің фитнес жаттықтырушысы болды. Кейінірек "Лейпциг" футбол клубының жаттықтырушылар құрамында қызмет атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009672-zenil-atletikadan-alem-cempiony-atangan-sportsy-50-zasynda-qaitys-boldy/

pixel