Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы матчты қайдан көре алады

Опубликовано:

Рэшфорд
Рэшфорд клубтағы әріптесімен. Фото: Twitter/Manchester United

Бүгін, 16 ақпанда футболдан Еуропа лигасының плей-офф кезеңі басталады. "Барселона" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Камп Ноу" стадионында өтетін матч Астана уақытымен 23:45-те басталады. Қазақстандықтар аталған ойынды Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре алады.

"Барселонаның" негізгі құрамы:

Тер Штеген, Жюль Кунде, Араухо, Алонсо, Альба, Педри, де Йонг, Кессье, Рафинья, Гави, Левандовский.

"Манчестер Юнайтедтің" негізгі құрамы:

Де Хеа, Маласиа, Люк Шоу, Варан, Уан-Биссака, Фред, Каземиро, Фернандеш, Рэшфорд, Санчо, Ваут Вегхорст.

Сонымен қатар бүгін "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы ойыннан бөлек, "Аякс" (Нидерланд) - "Унион" (Германия), "Шахтер" (Украина) - "Ренн" (Франция), "Ред Булл"(Аустрия) - "Рома" (Италия), "Спортинг" (Португалия) - "Мидтьюлланд" (Дания), "Ювентус" (Италия) - "Нант" (Франция), "Байер" (Германия) - "Монако" (Франция), "Севилья (Испания) - "ПСВ" (Нидерланд) кездесулері болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009741-qazaqstandyqtar-barselona-men-mancester-yunaited-arasyndagy-matcty-qaidan-kore-alady/

pixel