Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испания сапында Әлем чемпионы атанған белгілі футболшы мансабын аяқтады (фото)

Опубликовано:

доп
Доп. Көрнекі фото: pixabay.com

Футболдан Испания құрамасының ойыншысы Фернандо Льоренте кәсіби мансабын аяқтады, деп жазады РИА Новости.

Льоренте соңғы матчын 2022 жылы 5 маусым күні "Эйбар" сапында ойнаған.

"Сіздер енді мені жасыл алаңнан көрмейсіздер. Одан әрі не істейтінім өзіме белгілі. Немен айналысады екен деп ойлайтын шығарсыздар? Спортпен шұғылданамын және падел теннисін ойнаймын", - деді футболшы.

Льоренте 37 жаста. Шабуылшы екі рет Италия чемпионаты мен Суперкубогын, бір мәрте Италия кубогын жеңіп алған. Ол "Севильямен" бірге Еуропа лигасының жеңімпазы атанды.

Льоренте мансабында "Атлетик", "Наполи", "Удинезе", "Суонси Сити", "Тоттенхэм", "Ювентус" секілді клубтарда доп тепті.

Испания құрамасы сапында Льоренте Әлем біріншілігі (2010) мен Еуропа чемпионатын (2012) жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009742-ispaniya-sapynda-alem-cempiony-atangan-belgili-futbolsy-mansabyn-ayaqtady-foto/

pixel