Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алған жоқ

Опубликовано:

Андрей Голубев
Андрей Голубев. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық теннисшілер АТР жарысының жартылай финалына шыға алмады, деп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен АТР 250 турнирінің ширек финалында жергілікті Максимо Гонсалес – Андреас Мольтенимен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бәсекеде корт иелері 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, өткен аптада Кордобада (Аргентина) өткен додада да Андрей мен Александр осы жұпқа есе жіберген еді.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик пен швейцариялық Стэн Вавринка Роттердам ATP 500 турнирінің ширек финалында бельгиялық спортшылар Сандер Жилле – Йоран Флигенге ұтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009894-qazaqstandyq-tennissiler-xalyqaralyq-turnirdin-zartylai-finalyna-syga-almady/

pixel