Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік бокс ұйымы Данияр Елеусіновті қатаң жазалап, рейтингтен алып тастады

Опубликовано:

Данияр Елеусінов қазақтың көк туымен
Данияр Елеусінов. Фото: Prosports.kz

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің рейтингіне енбей қалды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өткен рейтингте Елеусінов жартылай орта салмақта 20-орынды иеленген. Ал қазіргі рейтингке оның есімі енбей қалды. Бұл боксшының белсенділігі төмендегенінен болуы мүмкін. Себебі Данияр 2021 жылдың желтоқсанынан бері бірде-бір жекпе-жек өткізген жоқ.

Бір қызығы, өткен жылдың соңында Данияр IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған болатын. Бұған да боксшының кездесу өткізбегені себеп.

Қазіргі таңда Данияр Елеусінов АҚШ-та жаттығып жүр. Бірақ оның шаршы алаңға қашан оралатыны туралы нақты хабар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2009901-alemdik-boks-uiymy-daniyar-eleusinovti-qatan-zazalap-reitingten-alyp-tastady/

pixel