Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәстүрді бұзайын деп жүрмін": Ресейдегі қазақ ойыншысы өзінің сүйіктісі қай ұлттан екенін айтты

Опубликовано:

Исламжан Насыров жасыл алаңда
Исламжан Насыров. Фото: "Урал" ФК

Ресейдің Орынбор аймағында туып, қазіргі таңда Туланың "Арсенал" клубында ойнап жүрген этникалық қазақ Исламжан Насыров Bassport.kz сайтына сұхбат берді. Футболшы ұлттық құрамадан шақырту түссе, тарихи отанына келуге ниетті екенін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Исламжан "Носта", "Урал" Екатеринбург, "Оренбург", "Түмен" клубтарында ойнаған. Қазір "Арсенал" (Тула) командасының қорғаушысы.

"Ресей Федерациясына қарасты Орынбор облысының Новоорский ауданында дүниеге келгенмін. Сол жақта Лужки деген ауыл бар. Балалық шағым осында өтті. Жақындарым әлі де сонда тұрады. Ешқашан ата-баба дәстүрін ұмытқан емеспіз. Әжем, әке-шешім қазақша сөйлейді. Біздің ауылда негізінен тек қазақтар тұрады. Сондықтан салт-дәстүр де, тіл де ұмыт бола қоймас деп ойлаймын", - дейді ол.

Алайда Исламжан өзінің қазақша білмейтінін жасырған жоқ.

"Ана тілімді жақсы білмегенім үшін ұяттымын. Үйдегілер қазақша сөйлей жөнелгенде кейбір сөздерді түсінбей қалатыным рас. Біртіндеп бұл олқылықты түзеуге тырысамын. Біраз туысымыз Қазақстанда тұрады. Біздің отбасымызда барлығы қазақ. Басқа ұлттың қаны араласпаған. Мен сол дәстүрді бұзайын деп жүрмін (күлді). Өйткені сүйіктім - орыс қызы. Әзірге ұсыныс жасамадым. Бірақ алдағы уақытта үйлену жоспарда бар", - дейді футболшы.

Әзірге Исламжан Насыровта тек Ресей азаматығы бар.

"Менде те ек Ресей азаматтығы ғана бар. Қазақстан құрамасынан шақырту түссе, ойланып көруге болады. Дәл қазір федерациядан қызығушылық бар-жоғын білмеймін. "Уралда" ойнағанымда агент мені бақылап жүргенін айтқан. Бірақ ол кезде төлқұжат дайындамады", - деді Насыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2009903-dasturdi-buzaiyn-dep-zurmin-reseidegi-etnikalyq-qazaq-futbolsysy-ozinin-suiiktisi-qai-ulttan-ekenin-aitty/

pixel