Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы алғаш рет ММА-ден жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Опубликовано:

ММА
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сербия астанасы Белградта 18-20 жас аралығындағы жастар мен 21 жастан асқан ересектер арасында ММА-ден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған 60 елден 628 спортшы жиналды. Қазақстан намысын 33 спортшы қорғауда, деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

16 ақпанда 18-20 жастағы жастар арасындағы финалдық жекпе-жектер өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль түсті.

Астаналық Ерсұлтан Шәкенбай өткен жылғы чемпион атағын қорғап, жастар арасында ММА-ден екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ерсұлтан 56,7 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол финалда тәжікстандық Лоик Икромовты қылқындыру әдісімен ұтты.

Айта кетейік, Ерсұлтан барлық жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтады.

Ақмола облысының тумасы Матильда Бачурина (52,2 келіге дейін) мансабындағы әлем чемпионатының алғашқы алтынын жеңіп алды. Ол бірінші жекпе-жегін қылқындыру әдісімен, ал екіншісін техникалық нокаутпен аяқтады. Неміс спортшысы Сонгюль Караторакпен финалдық кездесуде төрешілердің шешімімен Матильда жеңді. Матильданың ММА-мен айналысқанына бір жылдан астам уақыт қана болды.

65,8 келіге дейінгі салмақта Идрис Идрисов ұлттық құрама қоржынына үшінші алтынды салды. Ол финалда болгариялық Светослав Ивановты төрешілердің шешімімен ұтты. Идрис үшін бұл ММА бойынша бірінші халықаралық жарыс болды.

Күміс жүлдені Батыс Қазақстан облысының екі спортшысы жеңіп алды.

47,6 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Әбдірахманова финалда америкалық Эбигейл Альвареспен кездесті. Үшінші раундтың соңында қазақстандық қылқындыру әдісіне түсіп, жеңіліске ұшырады.

56,7 келіге дейінгі салмақта өткен жылғы әлем чемпионы Карина Сисенова финалда украиналық Анастасия Холинькодан төрешілердің шешімімен жеңіліп, вице-чемпион атанды .

Қола медаль жеңіп алған спортшылар:

  • 52,2 келіге дейін Аяулым Ұлан ( Алматы облысы),
  • 56,7 келіге дейін Динара Аяпова (Ақтөбе облысы),
  • 70,3 келіге дейін Жанерке Жамалбеков ( Жамбыл облысы),
  • 52,2 келіге дейін Самат Төлегенов (Астана),
  • 61,2 келіге дейін Шыңғыс Ыдырысов ( Алматы облысы).

Жалпымомандалық есепте Қазақстан құрамасы алғаш рет ММА бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында бірінші орын алды.

Ертең, 18 ақпанда ММА бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2009914-qazaqstan-quramasy-algas-ret-mma-den-zastar-arasyndagy-alem-cempionatynda-top-zardy/

pixel