Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рэшфорд Еуропа лигасындағы аптаның үздік ойыншысы атанды

Опубликовано:

Рэшфорд
Фото. Рэшфорд: Twitter/Manchester United

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Маркус Рэшфорд Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі UEFA-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл атаққа үміткерлердің қатарында Маркус Рэшфордтан бөлек, франциялық "Монаконың" қорғаушысы Аксель Дисаси, испаниялық "Севилья" клубының жартылай қорғаушысы Лукас Окампос және украиналық "Шахтер" ойыншысы Дмитрий Крыськив болды.

Осылайша, жанкүйерлердің дауысымен "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы аптаның үздік ойыншысы атанып отыр.

Ал Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атағына португалиялық "Бенфика"клубының жартылай қорғаушысы Фредрик Эурснес ие болды. Ол "Брюгге" қарсы матчта командасының жеңіске жетуіне көп үлес қосты.

Айта кетейік, "Барселона" мен "Манчестер Юнайтед" арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды. Маркус Рэшфорд аталған ойында бір гол соғып, мергендігімен көзге түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2009920-europa-ligasy-aptanyn-uzdik-oiynsysy-kim/

pixel