Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мессидің матчтың соңғы секундында соққан голы "ПСЖ" клубына жеңіс сыйлады

Опубликовано:

Лионель Месси
Лионель Месси. Фото: Marc Atkins/Getty Images

Түнде футболдан Франция біріншілігінің 24-турының бірнеше матчы өтті. Париждік "ПСЖ" өз алаңында "Лилль" клубын қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Парк-де-Пренс" стадионында өткен матчта "ПСЖ" жеңіске жетті. Есеп 4:3. Гол авторлары: Киллиан Мбаппе (дубль), Неймар, Лионель Месси - Бафоде Диаките, Джонатан Дэвид (он бір метрлік айып добынан), Жонатан Бамба.

Осылайша, 24-турдан кейін париждік клуб 57 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші сатыда тұрған "Марсель" клубы "ПСЖ-дан" бес ұпайға қалып келеді.

Айта кетейік, "ПСЖ" мен "Лилль" арасындағы ойынның нүктесін Лионель Месси 95-минутта қойып, париждік ұжымға жеңіс сыйлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010012-messidin-matctyn-songy-sekundynda-soqqan-goly-psz-klubyna-zenis-syilady/

pixel