Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Asia Open-2023 турнирінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Опубликовано:

Мараппаттау
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Елордада грэпплингтен балалар, жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында өткен Asia Open 2023 турнирінде Қазақстан құрамасы топ жарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Жарысқа 1200-ге жуық спортшы қатысты. Олар төрт күн бойы жас деңгейлері және салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтады.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінсе, Қырғызстан екінші орынды иеленді. Өзбекстан спортшылары үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 2017 жылдан бері Астанада тұрақты ұйымдастырылады. Сонымен қатар осы додада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардан ұлттық құрама жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды.

Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты биыл Польшада өтеді. Ал жасөспірімдер, жастар және ардагерледің дүниежүізілік жарыс Грекияда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010015-asia-open-2023-turnirinde-qazaqstan-quramasy-zalpykomandalyq-esepte-birinsi-oryn-aldy/

pixel