Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадридтің" аңыз ойыншысы командасыз қалды (фото)

Опубликовано:

Марсело
Марсело. Фото: Harriet Lander/Copa/Getty Images

"Реал Мадрид" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Марсело грекиялық "Олимпиакос" сапынан кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі пирейлік команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Олимпиакос" футбол клубы Марселоға ынтымақтастық үшін алғысын білдіреді. Оның бізбен өткізген уақыты қысқа болғанымен, мәңгілік достықтың жолын салуға жеткілікті болды. Ол Грекияда соның ішінде Пирейде әрқашан достары барын біледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Марсело "Олимпиакос" футбол клубымен 2022 жылдың жазында келісімшартқа отырған еді. Қорғаушы грекиялық ұжым сапында он ойын өткізіп, үш голдың авторы атанды.

Бұған дейін Марсело "Реал Мадрид" сапында және Бралилия құрамасында доп тепкен. Қорғаушы карольдік клубтың жейдесінде 493 матч ойнап, 37 гол соқты және 96 нәтижелі пас шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010043-real-madridtin-anyz-oiynsysy-komandasyz-qaldy-foto/

pixel