Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ливерпуль" - "Реал Мадрид": Айдын Қожахметтің Чемпиондар лигасының матчына болжамы

Опубликовано:

Айдын Кожахмет
Фото: Parimatch

22 қаңтар күні Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойынында ұлыбританиялық "Ливерпуль" мен испаниялық "Реал Мадрид" кездеседі. Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы ойынға өз болжамын бөлісті.

Бұл сөздер қаншалықты жауыр болғанына қарамастан, оқиға шынымен де финалға лайық деп айтуға болады. Қалай болғанда да, бұл командалар мамыр айының соңында өткен "Стад де Франстағы" финалдық қақтығыстармен таныс. Мерсисайдтардың корольдік клубпен есеп айырысатындай жөні бар.

"Ливерпуль"

Соңғы екі матчты назарға алар болсақ, онда "Ливерпульдің" жағдайы айтарлықтай нашар емес деуге болады. Бұл кездесулерде Юрген Клопптың шәкірттері екі аса маңызды жекіске жетті. Нақтырақ айтсақ, "Эвертоннан" шыққан қас жауларын Ливерпуль дербиінде жеңіп, содан кейін "Ньюкаслды" 0:2 есебімен ойсырата жеңді.

"Қызылдар" өздерінің әдеттегі жоғары деңгейіне орала ма, жоқ па, оны айту қиын, бірақ белгілі бір тенденция қазірдің өзінде байқалып отыр. Мо Салах, Дарвен Нуньес және пен Коди Гакпо өз мақсаттарын белгілеп қойды, ал жас жартылай қорғаушы Стефан Байчетич жарақат алған Тьяго Алькантараны нық сенімділікпен алмастырып отыр. Жағдайының жақсарып келе жатқанына көзі жеткен "Ливерпуль" Мадридтен келген қонақтарға қарсы көтеріңкі көңіл-күймен шығатыны анық.

"Реал Мадрид"

Корольдік клуб өткен аптада клубтық әлем чемпионы дәрежесінде отанына оралды, содан кейін "Эльче" және "Осасунамен" сенімді түрде есеп айырысты. Негізгі құрамдағы үш ойыншы Карим Бензема, Тони Кросс пен Орельена Тчуаменидің матчқа қатысу-қатыспауы денсаулығына байланысты белгісіз болып отырғанына қарамастан, мадридтіктердің Чемпиондар лигасының 1/8 финалына дайындығы жоғары деңгейде.

"Реал" өз көшбасшыларынсыз да суперклуб болып қала береді. Оған қоса, соңғы матчтарда Марко Асенсио мен Федерико Вальверде мықты ойын көрсетті. Карло Анчелоттидің құрамнан шыққандарды алмастыратын адамдары да бар.

Жеке кездесулер тарихы

Соңғы 5 жылда тағдыр, дәлірек айтсақ, кездейсоқ жеребе тарту бұл клубтарды екі рет кездестірген: Чемпиондар Лигасының финалында және бір рет ширек финалда. Бұл шайқастарда Мадрид әркез жеңімпаз атанып отырды. Бір сөзбен айтқанда, "Ливерпульдің" жеңілістер үшін есеп айырысатын кезі келді.

Матчқа болжам

"Елден ерекшеленуге тырыспастан, көбі болжап отырған ставканы ұсынамын: "иә – екі команда да гол соғады". Parimatch-тегі достарым бұл оқиғаға 1.59 коэффициентін береді. Десе де ерекше әсер алғыңыз келсе, Мадрид клубы нөлдік форамен жеңеді деген болжамды ұсына аламын. Ж2 Ф (0) айтарлықтай жоғары бағаланып отыр – 2.20. Бірақ "Реал" "Ливерпульден" қатарынан 6 матч бойы жеңіліп көрген емес", - деп қосты сарапшы.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне мынадай болжам жасайды:

"Ливерпуль" - 2.35, Тең ойын - 3.60, "Реал Мадрид" - 3.0

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010129-liverpul-real-madrid-aidyn-qozaxmettin-cempiondar-ligasynyn-matcyna-bolzamy/

pixel