Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Странджа турнирі": Қазақ боксшысы төрт дүркін Италия чемпионын нокаутпен жеңді (видео)

Опубликовано:

Қолғап
Қолғап. Көрнекі сурет: piqsels.com

Болгария астанасы Софияда дәстүрлі "Странджа-2023" турнирі басталды. Қазақстандықтар арасынан алғаш боп шаршы алаңға шыққан Ерасыл Таңқай келесі айналымға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ерасыл италиялық Даниэль Салерномен кездескен болатын. Кездесу үшінші раундта қазақ боксшысының жеңісімен, техникалық нокаутпен аяқталды. Екінші раунда төрешілер Салерноның екі рет нокдаун алғанын есептеген.

Осылайша, Ерасыл Таңқай беделді турнирдің 1/8 айналымына жолдама алды.

Айта кетелік, Даниэль Салерно Италияның төрт дүркін чемпионы атанған боксшы.

Болгариядағы турнирге Қазақстан командасы толық құраммен қатысуда. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010146-strandza-turniri-qazaq-bokssysy-tort-durkin-italiya-cempionyn-nokautpen-zendi-video/

pixel