Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Туысымның баласын апарған жоқпын": Мырзағали Айтжановтың командаға тек өз боксшыларын тартатыны рас па

Опубликовано:

Мырзағали Айтжанов сұхбат барысында
Мырзағали Айтжанов. Фото: Qazaq Ring

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов QAZAQ RING жобасында қонақ болып, осал боксшыны әлемдік ірі жарыстарға апармағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйікті боксшыларын шақырады деген әңгімені мен де естіп жатамын. Өзім интернет пен әлеуметтік желіні қолданбайтын, қалай қолдану керектігін білмейтін адаммын, өкінішке қарай. Мұны тек адамдардан естимін. Негізі, біз өз жұмысымызды білеміз. Бапкерлікті таңдап, жақсы көргеннен кейін, жауапты жұмыс болған соң "менікі, сенікі" деген нәрсе жоқ. Қазақтың туын көтеретін спортшыларды таңдаймыз.

Серік Сәпиев, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычколарды қолдамасақ, оларға сенім көрсетпесек, олар жетістікке жетпейтін бе еді?! Кейбір кезде Біржанды айтуы мүмкін. Әрине, ол менің төл шәкіртім. Біржанға дейін қазақ боксында 48 келіде атой салған спортшы болмаған емес. Кейін Ержан Жомарт әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Қасында інісі болып, тәжірибе алмасқан Теміртас Жүсіпов әлем чемпионатында топ жарды. Міне, бәсекелестік жақсы нәтиже әкеледі.

Ал енді өзімнің ауылымның немесе туыстарымның баласы жоқ ұлттық құрамада. Левит, Пинчук, Дычко сияқты сары қазақтарымыз бар. Олар да өз шәкірттеріміз. Қазақшаны да үйренді, әнұранды да айтты. Біздің кейбір кезде бөлінетініміз жаман. Кейбіреудің шәкірті немесе туысқаны құрамаға ілінбей қалса, сондай әңгіме болуы мүмкін. Жалпы, тоғыз жыл бас бапкер болғанымда осал боксшыны әлем немесе Азия чемпионатына апарған емеспін", - деді Айтжанов.

Айта кетелік, осы бағдарламада қонақ болған Серік Сәпиев өзін қиын кезеңде кім құтқарғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010201-tuysymnyn-balasyn-apargan-zoqpyn-myrzagali-aitzanovtyn-komandaga-tek-oz-bokssylaryn-tartatyny-ras-pa/

pixel