Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғыдай мықты емес": Бас бапкер ауыр салмақтағы Қоңқабаев туралы ойын ашық айтты

Опубликовано:

Қоңқабаев
Қоңқабаев шаршы алаңда. Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов QAZAQ RING жобасында қонақ болып, аса ауыр салмақтағы боксшылар мәселесіне, әсіресе, командаға қайта оралған Қамшыбек Қоңқабаевқа тоқталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қамшыбек жаттығуын бастады. Барлығы өзіне байланысты. Әрине, баяғыдай мықты деңгейде емес. Тәжірибесі бар, аз уақытта қалпына келеді деген ойдамыз. Жаттығуға белсене кірісті.

Ауыр салмақта жас боксшылар өте көп. Өзінен де салмағы ауыр, бойы ұзын, денесі бар қарсыластары жетеді. Бір емес, төрт-бес боксшы бар", - деді Айтжанов.

Сондай-ақ бас бапкер өзінің төл шәкірті, ауыр салмақтардың бірі саналатын 81 келіде Олимпиада жүлдегері атанған Еркебұлан Шынәлиевті де атап өтті.

"Ол қазір мықты боксшы шығарамын деп, шәкірт тәрбиелем жүр. Спорттан 2008 жылы кетті. Боксты тым ерте қойып кеткені өте өкінішті", - деді Мырзағали Құланұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов ұлттық құрамаға тек өз боксшыларын апарады деген айыптауларға жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010212-buryngydai-myqty-emes-bas-bapker-auyr-salmaqtagy-qonqabaev-turaly-oiyn-asyq-aitty/

pixel