Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина мен Путинцева Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 36-орында тұрған канадалық Бьянка Андреескумен шеберлік байқасып, 6:3, 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсті. 

Отандық спортшы екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездеседі. 

Ал Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирінің алғашқы матчында әлемнің 28-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен өткізіп, жеңіске жетті. Есеп: 6:4, 0:6, 6:2.

Енді Қазақстанның екінші ракеткасы чехиялық Петра Квитовамен келесі кезеңге шығу үшін ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010213-rybakina-men-putinceva-dubai-turnirinin-ekinsi-ainalymyna-syqty/

pixel