Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатарынан он кездесуде ұтылып, ракеткасын сындырған Бублик жеңіске жетті

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: Андрей Ударцев/ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің келесі айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 67-ракеткасы, сербиялық Филип Краиновичпен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында 5:7, 6:3, 6:4 есебімен Александр Бублик қарсыласынан басым түсті.

Еске сала кетейік, осыдан аз уақыт бұрын Бублик Монпельедегі турнирде жеңіліс тауып, өзінің үш ракеткасын сындырып тастаған болатын.

Сонымен қатар Қазақстанның бірінші ракеткасының Роттердамда өткен турнирде басы дауға қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010216-qatarynan-on-kezdesude-utylyp-raketkasyn-syndyrgan-bublik-zeniske-zetti/

pixel