Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа чемпионы атанған испаниялық футболшы өмірден өтті

Опубликовано:

"Реал Мадридтің" стадионы
Стадионның ішкі көрінісі. Фото: pexels.com

Футболдан Испания құрамасының бұрынғы ойыншысы Амансио Амаро 84 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды "Реал Мадрид" клубының баспасөз қызметі Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

Амансио Амаро кәсіби мансабында "Реал Мадрид" клубы мен Испания құрамасының сапында доп тепкен.

Ол карольдік ұжыммен бірге он мәрте Испания біріншілігін және үш рет Испания кубогын жеңіп алған.

Сонымен қатар шабуылшы Испания құрамасында 42 кездесу өткізіп, 11 гол соққан.

Айта кетейік, Амансио Амаро Испания құрамасымен бірге 1964 жылы Еуропа чемпионатының жеңімпазы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010243-europa-cempiony-atangan-ispaniyalyq-futbolsy-omirden-otti/

pixel