Белгілі спортшы жол апатынан қаза тапты

Опубликовано:

Абрамова
Екатерина Абрамова. Фото: Бүкілресейлік волейбол федерациясы

Мәскеу жағажай волейбол командасының ойыншысы Екатерина Абрамова 18 жасында қайтыс болды.

Бұл ақпаратты Бүкілресейлік волейбол федерациясы Telegram арнасында растады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Иван Осипов 20 жасында өмірден өткенін жазған едік.

14 ақпан күні жол апатына ұшыраған спортшы комада жатып, 20 ақпанда көз жұмды. Ал Екатерина Абрамова бүгін, 21 ақпанда дүние салды.

Федерация мәліметінше, жол көлік оқиғасы кезінде екеуі бір көлікте болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2010309-belgili-sportsy-zol-apatynan-qaza-tapty/