Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы кіші әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Опубликовано:

боксшы
Темірхан Тезек шаршы алаңда. Видеодан кадр: Youtube/Странджа Кубогы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" Қазақстан құрамасының бір өкілі келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Темірхан Тезек 1/8 финалда жарыс қожайыны Пламен Янковпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте отандық былғары қолғап шебері төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Темірхан Тезек "Странджа Кубогының" ширек финалына шығып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін кіші әлем чемпионатының келесі айналымына Ертуған Зейнуллинов, Оразбек Асылқұлов, Ерасыл Таңқай жолдама алды.

Ал Бекзат Алдамжаров 1/8 финалда Франция өкілі Биллаль Беннамаға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010316-qazaqstandyq-bokssy-kisi-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel