Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық боксшы "Странджа" турнирінің келесі кезеңіне жекпе-жексіз жолдама алды

Опубликовано:

Бекзат Таңатар
Бекзат Таңатар: Youtube/Болгарияның бокс федерациясы

Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" Қазақстан құрамасының бір өкілі келесі кезеңге жекпе-жексіз жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Бекзат Таңатаров 1/8 финалда Үндістан спортшысымен жұдырықтасу қажет болған.

Алайда отандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы шаршы алаңға көтерілген жоқ.

Осылайша, Бекзат Таңатаров София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогының" ширек финалына автоматты түрде жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін кіші әлем чемпионатының келесі айналымына Ертуған Зейнуллинов, Оразбек Асылқұлов, Темірхан Тезек және Ерасыл Таңқай жолдама алды. Ал Бекзат Алдамжаров 1/8 финалда Франция өкілі Биллаль Беннамаға есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010320-otandyq-bokssy-strandza-turnirinin-kelesi-kezenine-zekpe-zeksiz-zoldama-aldy/

pixel