Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадрид" сырт алаңда "Ливерпуль" клубын ірі есеппен ұтты (фото)

Опубликовано:

Карим Бензема
Карим Бензема жасыл алаңда. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы матчында "Ливерпуль" клубы "Реал Мадридке" есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Энфилд" стадионында өткен матчта "Реал Мадрид" 2:5 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Дарвин Нуньес, Мохамед Салах - Винисиус Жуниор (дубль), Эдер Милитао, Карим Бензема (дубль).

Осылайша, "Ливерпуль" клубы тарихында алғаш рет өз алаңында Чемпиондар лигасының матчында бес гол жіберіп отыр.

Сонымен қатар Юрген Клопптың шәкірттері карольдік ұжымды қатарынан жеті матчта жеңе алғай келеді (алты мәрте "Реал Мадрид" ұтқан, бір ойында тең нәтиже тіркелді).

Айта кетейік, "Реал Мадрид" пен "Ливерпуль "арасындағы қарымта ойын 15 наурыз күні "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2010321-real-madrid-syrt-alanda-liverpul-klubyn-iri-eseppen-utty-foto/

pixel