Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәселе жоқ": Допингпен ұсталған Игорь Сон Олимпиада медалінен айырыла ма

Опубликовано:

Игорь Сон
Игорь Сон. Фото: VINCENZO PINTO/AFP via Getty Images

Бүгін ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының тоғыз спортшысы допинг қолданғаны үшін әртүрлі мерзімге спорттан шеттетілді. Олардың ішінде Токио Олимпиадасының жүлдегері Игорь Сон да бар. Осыған орай, Қазақстан ауыр атлетика федерациясы пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанкүйерлер көкейінде Игорь Сонның Токиода жеңіп алған медаліне қатысты сұрақ тұр. Федерация өкілінің айтуынша, Сон Олимпиада жүлдесінен айырылмайды.

"Бұл допинг-бақылау ішкі, яғни қазақстандық допингке қарсы орталық жүзеге асырғанын және оның нәтижелері Федерация үшін де, құраманың басқа мүшелері үшін де ешқандай салдарға әкеп соқпайтынын атап өткім келеді. Алайда допинг қолданғаны үшін шешім WADA Кодексіне және Халықаралық ауыр атлетика федерациясының допингке қарсы ережелеріне сәйкес қабылданады.

Сонымен қатар бұл жарыстан тыс бақылау спортшылар қатысқан халықаралық жарыстан алты ай өткен соң қабылданды, сондықтан олардың нәтижелерін жою немесе медальдарды қайтару туралы мәселе туындамайды. Бұл әсіресе Игорь Сонның олимпиадалық жүлдесіне қатысты ерекше атап өткім келеді.

Федерация допингтің кез-келген көрінісіне нөлдік төзімділік принципін ұстанады. Тұрақты режимде допингке қарсы ережелер бойынша хабардар ету, сондай-ақ халықаралық жарыстар қарсаңында ұлттық құраманың барлық мүшелерін бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл, ең алдымен, халықаралық деңгейде бұзушылықтардың алдын алу үшін қажет, өйткені Олимпиадалық біліктілік жүйесі ел спортшылары үштен астам тәртіп бұзушылық жасаған жағдайда, бүкіл команданы шеттетуді қарастырады", - деді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2010400-masele-zoq-dopingpen-ustalgan-igor-son-olimpiada-medalinen-aiyryla-ma/

pixel