Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимпиададан кейін қара жұмысқа салды": Мырзағали Айтжановтың боксшыларды жұмсайтыны рас па

Опубликовано:

Мырзагали Айтжанов
Мырзагали Айтжанов. Фото: olympic.kz

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың төл шәкірті Сәкен Бибосынов Олимпиададан кейін жаттықтырушының үйінде жұмыс істеген. Бұл туралы QAZAQ RING бағдарламасында белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Аян Төлеген боксшы Сәкен Бибосыновтың Олимпиададан кейінгі сұхбатын еске алды.

"Сәкенге Олимпиададан кейін риза болдым. Ол ақшаға да, басқаға да мән бермегенін, елдің атын шығарып, бапкерінің үмітін ақтауды көздейтінін айтты. Сосын одан: "Сені бүкіл Түркістан облысы күтіп алды. Қолдан түсірмей, қыдырып жүрген шығарсың?", - деп сұрадым. Сөйтсем ол: "Жоқ, бізде ондай жоқ. Мен бапкерімнің үйінде 3-4 күн бойы жұмыс істедім", - деді. Бұл рас па? Осы туралы не айтасыз?", - деп сұрады Аян.

Бас бапкердің айтуынша, бұл боксшыларды бір шынықтырып алудың әдісі.

"Бәріміз де ауылда туып-өстік. Негізі, қарапайым болған жақсы ғой. Қалада тұрып жатыр, қалада жүреді. Бірақ қалада жұмыс жоқ қой... Үйдің жұмысы, үйдің шаруасы жоқ. Былай айтқанда істейді емес, бірге істейміз. Шәкірттермен бірге істейміз жұмысты. Қи тазалап, шөп жинаймыз. Бұл да спорттағы жаттығудың бір түрі ғой", - деді Айтжанов.

Бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков бапкердің бұл тактикасын толық қолдайтынын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов жарысқа тек өз шәкірттерін апарады деген сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010454-olimpiadadan-keiin-qara-zumysqa-saldy-myrzagali-aitzanovtyn-bokssylardy-zumsaityny-ras-pa/

pixel