Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы Жанбота Алдабергенова әлем чемпионатында үздік алтылыққа енді

Опубликовано:

Жанбота Алдабергенова
Жанбота Алдабергенова. Фото: olympic.kz

Грузияның Бакуриани қаласында өтіп жатқан фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар финалда өнер көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанбота Алдабергенова әлем чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады. Ол жекелей сында суперфиналға жолдама алғанымен, жүлделі орынға таласа алмады. Жанбота 60.61 ұпаймен алтыншы орында қалды.

Бұл сында 85.30 ұпаймен қытайлық Конг Фанью жеңіске жетті. Екінші орында австралиялық Даниэль Скотт (83.84), үшінші сатыда украиналық Анастастия Новосад (82,84).

Ерлер арасында ақтық сынға жолдама алған Шерзод Хаширбаев жетінші орын алып, суперфиналға өте алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010593-qazaq-qyzy-zanbota-aldabergenova-alem-cempionatynda-uzdik-altylyqqa-endi/

pixel