Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоңқабаев пен Өзбекстанның атақты боксшысы арасындағы жекпе-жек өтпей қалды

Опубликовано:

Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жек кезінде
Қамшыбек Қоңқабаев. Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының көсбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" жүлдесіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 92 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев 1/4 финалда Өзбекстанның атақты спортшысы, Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Джалоловпен жұдырықтасу қажет болған.

Алайда Қазақстан құрамасының көсбасшысы шаршы алаңға көтерілген жоқ. Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жектен неге бас тартқаны әзірге белгісіз.

Осылайша, отандық былғары қолғап шеберінің қарсыласы автоматты түрде "Странджа кубогының" жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010650-qonqabaev-pen-ozbekstannyn-ataqty-bokssysy-arasyndagy-zekpe-zek-bolmai-qaldy/

pixel